Біржан Қожағұлұлы (1834 - 1897ж. ) - атақты сазгер, әнші, ақын. Көкшетау маңында, кедей шаруа отбасында туған. Жасынан ақындық, әншілік өнерге ден қойған. Жиырмаға келгенде өзі ән шығара бастаған. 1865ж Абаймен кездесіп, сазгерлік, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне әсер етті.
Біржанның алғашқы әндерінің бірі - ‘’Біржан сал’’(қазір ол туралы фильм түсірілуде). Оның шығармашылығы өзі өмір сүрген заманның әлеуметтік оқиғаларын, адамгершілік, ізгілік мәселелерін қорғайды. Біржанның ақындық, музыкалық өнерінен демократиялық бағыт анық көрініп тұрады. Біржанның “Ғашығым”, “Біржан сал”, «Сарыарқа», «Ақсақ киік», «Көбік шаш-қан», «Ақбай», «Адай» “Айтбай” сияқты әндері - оның шығармасындағы шоқтығы биік туындылар.
Біржан патриархаттық-феодалдық қоғамның озбырлығына асқақ әнімен қарсы тұрды. Біржанның “Жанбота” атты ыза-кекке толы өлеңі сол заманның азулы өкілдерін түйреуге бағытталды.
Біржан - дарынды ақын. Оның Сарамен айтысы - Біржанның суырыпсалма ақындық талантын елге танытты. Өнерге жалғыз болмаған Біржан маңайында талантты өнерпаздар топтасты, серіктесіп жүрді. Біржан мектебінен тәлім алып, қанат қаққандар ішінде Ақан сері, Үкілі Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты дарынды дара тұлғалар болды. Біржанның қырыққа жуық әндері бізге жетіп отыр.
Біржан сал, Біржан Қожағұлұлы – әнші, композитор, ақын. Ол 1834 ж. Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында дүниеге келіп, 1897 ж. алпыс үш жасында туған жерінде қайтыс болған. Бозбала кезінен әнші-ақындардың қасына еріп той-думанның сәніне айналады. Шөже, Салғара, Толыбай, Орынбай, Нүркей, Сегізсері, Арыстан тәрізді өнер иелері – Біржан салдың ұстаздары. 1865 ж. Абаймен кездесуі Біржан салдың композиторлық, әншілік, ақындық өнерінің дами түсуіне үлкен әсер етеді. Біржан сал қазақтың дәстүрлі әншілік өнерін, халық музыкасын жаңа белеске көтеріп, өз ән-өлеңдерімен толықтырған ірі тұлға. Жаяу Мұса, Басықараның Қанапиясы, Құлтума, Ақан сері, Балуан Шолақ, Ғазиз, Естай, Үкілі Ыбырай, Жарылғапберді, т.б. арқаның атақты ақын-әншілері – Біржан салдың мектебінен өнеге алып, оның композиторлық өнерін жалғастырып, ілгерілеуіне мол үлес қосқан өнерпаздар. Осындай өнер майталмандары арқылы біздің заманға Біржан салдың алпысқа жуық әндері жеткен. Оның әндері нәзік сезімді, сұлулықты жырлаған сыршылдығымен қоса («Ғашығым», «Қаламқас», «Ләйлім шырақ», «Айтбай», «Ақтентек», т.б.), әлеуметтік мән-мазмұнымен де («Жанбота», «Адасқақ», «Көлбай – Жанбай», «Шідер», т.б.) құнды. Сара ақынмен айтысы оны дарынды, суырыпсалма ақын ретінде дүйім елге танытты. Біржан салдың ақындық өнерінің өріс ашып, өрби түсуіне Сара, Әсет, Доскей, т.б. қатарлы тұтас бір сала буын игі әсерін тигізген. Өмірінің соңғы кезінде ру арасындағы талас-тартыстар, ағайын ішінің кикілжіңі Біржан салдың жеке басына да қатты әсер еткен. Қиянатшылар тіпті оны «жынданды» деген лақап таратып, қол-аяғын байлап тастауға дейін барады. Аталмыш оқиға Біржан салдың «Теміртас» әнінде үлкен қасіретпен айтылады. Оның «Айтбай», «Адасқақ», «Жамбас сипар», «Жонып алды», «Алтын балдақ», «Көкек», «Жанбота», «Теміртас» сияқты әндері дәстүрлі қазақ әндерінің классикалық үлгілері ретінде қазақ мәдениетінің алтын қорынан орын алды. Олар Ғаббас Айтбаев, Қали Байжанов, Әміре Қашаубаев, Жүсіпбек Елебеков, Манарбек Ержанов, Қосымжан Бабақов, Қуан Лекеров, Мәжит Шалқаров, Темірбек Арғынбаев, Қайрат Байбосынов, т.б. әншілердің орындауында ел арасына кең тарап, халық игілігіне айналды. Біржан салдың музыкалық мұрасы бірнеше рет жинақ болып басылып шықты. Мұқан Төлебаев «Біржан – Сара» операсын жазды.
__rotator_param_f
Последний раз редактировалось: kashagan (2011-03-27 00:04), всего редактировалось 14 раз(а)
Бұл фильм Меломаннан сатып алынған болатын.
Трекердің "қара" тізімінде болмаған соң, барша қазақстандықтардың қуанышына осында жүктеуді жөн санадым.Егерде, кімнің болмасын авторлық құқығын бұзған болсам, модератор бұл фильмді трекерден өшіріп тастауға кұқылы.
Фильмге келер болсақ Ходжиковтың Қыз Жібегіне әрине жетіңкіремейді (салыстырудыңда керегі жоқ) және де сапасы мен күткендей болмай шықты(скриншоттарды қараңыз). Бірақта өзіме қатты ұнады. Көзге жас алып көретін тұстары бар.
Cөз жоқ! Салт-дастүрдің иісін аңқытқан тамаша фильм!
Қазақ киносы жасай берсін!!!
Файлды жоғары жылдамдықпен үлестіремін деп уәде бере алмаймын! Орташа - 15-30 кб/с аралығында.
deodorantжан!!!! Сабыр түбі сары алтын!!!!! Тағы екінші бір үлестіруші пайда болмайынша, бұл файлды жүктеп алуыңызға біршама уақыт кетеді. Екі-үш күннен соң Daniyar77 немесе mxg көмекке келеді деп үміттенем.
Тағы да айта кетейін ,фильм әрине тамаша, бірақ видео сапасына көңіліңіз толмауы мүмкін.
Қазақфильм киностудиясы осындай керемет фильмді Меломан арқылы төменгі сапада сатуы, өзімді қатты ызаландыруда.
Іске сәт!!!!!
Неужели ешкім жаппады бұл релизды? Рахмет тірлігіңе, релизер!
Әңгіме жоқ барғой, "ДВД 9", ал сапасы жоғарыда өзің айтып кеткендей "полный габно". Мысалға келер болсақ, үйлеспей тұр мынау жазуың - 720 x 576 (16/9) ) қалай сонда? 4/3 - қой судай .... Бұның кәдімгі ары кетсе 1,3 ГБ - тық двд рип ... 700 мб бықсыған видео болмаса ...
Қазақтардың осынысына жыным келет ше ... ал kashagan-ға тағы да үлкен құрмет
Енді сенген боларсыз! Нағыз DVD PAL 16/9 форматында.Қоса кететінім, фильм скриншоттары (анаморфты) 720 x 576 болса да ,бірақта мониторыңызда фильм 1024х576 - PAL 16:9 көлеміне дейін созылады.
Өзімнің FullHD 1920:1080 16/9 Wide мониторымда бүл фильмді толық көлемде (қара сызықсыз) тамашаладым.
Цитата:
Бұның кәдімгі ары кетсе 1,3 ГБ - тық двд рип ... 700 мб бықсыған видео болмаса ...
Уақыты келгенде біреу жүктер!
Цитата:
ал сапасы жоғарыда өзің айтып кеткендей "полный габно"
Цитата:
Қазақтардың осынысына жыным келет ше
Толықтай келісемін! Мені де бұл қатты ызаландырады.
Цитата:
ал kashagan-ға тағы да үлкен құрмет
Рахмет!!!
Последний раз редактировалось: kashagan (2010-09-17 18:21), всего редактировалось 1 раз
Вы не можете начинать темы Вы не можете отвечать на сообщения Вы не можете редактировать свои сообщения Вы не можете удалять свои сообщения Вы не можете голосовать в опросах Вы не можете прикреплять файлы к сообщениям Вы не можете скачивать файлы
Сайт не предоставляет электронные версии произведений, а занимается лишь коллекционированием и каталогизацией ссылок, присылаемых и публикуемых на форуме нашими читателями.
Если вы являетесь правообладателем какого-либо представленного материала и не желаете чтобы ссылка на него находилась в нашем каталоге, свяжитесь с нами и мы незамедлительно удалим её.Более подробно читать здесь
Файлы для обмена на трекере предоставлены пользователями сайта, и администрация не несёт ответственности за их содержание.